Қытайда қаржы нарығы реттеуішінің басшысы ауысты

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, бұл шешімді ҚХР-дағы басқарушы Коммунистік партиясы хабарлады.
Жаңа басшы Қытайдың төрт ірі банктерінің бірі Agricultural Bank of China банкінің қазіргі басшысы - Лю Шиюй болады.
Соңғы айларда жоғарыда тұрған шенеуніктер Сяо Ганның жұмыстарын сынға алды.
Билік саясаты қаржы нарығында акция құнының алыпсатарлық өсімінің ұлғаюына алып келді.
Өткен жылдың ортасында акция арзандап, Сяо Ганға бағынысты комиссия құлдыраудың алдын алу үшін қарыз ақшаны пайдалану қағидасын өзгертуді шешті.
Алайда билік шешімі акциялар нарығында проблемаларды ушықтырып, құлдырауды күшейте түсті.
Сяо Ган нарықта акцияның құбылуына ықпал еткен бірқатар шешімдер қабылдады, деп атап өтеді Wall Street Journal. Қытайдағы жағдайдың нашарлауы әлемдік экономикалық өсімге елеулі әсер етті.