Қытайда қасқыр соққан қазақ қыз қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жалаңаш қолымен қасқыр соққан қазақтың батыр қызы өмірден озды. 1976 жылы дүниеге келген батыл бойжеткен 27 желтоқсан күні өмірден озды, деп жазады qamshy.kz.

Қытайда қасқыр соққан қазақ қыз қайтыс болды

1999 жылы 27 қараша күні Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесі Күнес ауданының Шақпы ауылында мал шетінде жүргенде кенеттен қойға қасқыр шабады. «Мал ашуы - жан ашуы» деген қазақ. Әудем уақыттан соң аш бөрі тамақтап жатқан қойды тастай салып, адамға шабады. Қолында сынық сүйем темірі жоқ қыз аш қасқырды қос құлақтан басып, азулы тісін денесіне дарытпай, тұмсығын жерге тұқыртып, алқымынан қысып, құлақ шекеден жұдырықпен ұрып жер қаптырады. Ер жігітке бергісіз ерлік жасаған қыздың есімі - Ділбәр Асылбекқызы. Күнес ауданы Нарат-Таясу ауылының тумасы. Ерлік ісі ел ішіне аңыз болып тараған қыз 27 желтоқсан күні өмірден озды.