08:43, 22 Қыркүйек 2020 | GMT +5
Қытайда қайық рифке соғылып, 4 адам қаза тапты, төртеуі із-түссіз жоғалған
ФУЧЖОУ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні Оңтүстік Қытайдағы Шаньтоу қаласының маңында балық аулайтын қайықтың су астындағы тастарға соғылуы салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы төртеуі із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 21 қыркүйек күні шамамен таңғы сағат 6-да орын алған. Фуцзянь провинциясының балық аулайтын кемесі Гуандун провинциясындағы Шаньтоу қаласының Наньао аралынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 11 теңіз милі арақашықтығында рифке соғылған. Қайықта 14 адам болған.
Гуандун провинциясының теңіздегі іздеу-құтқару орталығынан хабар алған Фуцзянь провинциясының құтқарушылары дереу іздеу-құтқару жұмыстарына қосылды.
Алты адам құтқарылған, тағы төртеуі із-түссіз жоғалғандар қатарында. Қазіргі кезде оларды іздеу операциясы жалғасуда.