Қытайда «Қазақ ұлтының салт-сана мәдениеті» атты кітап жарық көрді

АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Бақытжол Кәкеш/ - Қытайдағы Шынжаң ғылым-техника баспасында қазақ, қытай, ағылшын, орыс  тілдерінде «Қазақ салт-сана мәдениеті» атты көлемді суретті кітап жарыққа шықты,

Қытайда «Қазақ ұлтының салт-сана мәдениеті» атты кітап жарық көрді

деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдағы «Халық газеті» (www.people.com.cn.) сайтына сілтеме жасап.

 Бұл кітап  Қытай Халық Республикасының 60 жылдығына тарту ретінде   Шынжаң автономиялы өлкелік әкімшілігінің ақпарат-баспасөз мекемесі бастырған маңызды басылым. Кітап авторы ــ Шынжаңдағы қазақ ұлтының белгілі фотосуретшісі Түсіпбек Сіламқұлұлы. Аталмыш еңбек бай мазмұнды сурет материалдары мен жаңа тұжырымды түсініктемелері арқылы салт-сана ғылымы тұрғысынан қазақ ұлтының еңбекшіл де ақжарқын мінезін, қажырлы да қарапайым ұлттық дәстүрін айшықтап көрсеткен. Бұл еңбекте қазақ жұртшылығының өндірістік еңбекпен шұғылдануын және күнделікті өмір тұрмысын, сондай-ақ айырықша сахара мәдениетінен сыр шертетін мол суреттер қоры арқылы көрнекіленіп, басылымды тарихи материалдық және құжаттық тұрғыдан тартымды ете түскен.