Қытайда қазақстандық бал таныстырылды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Үш солтүстікқазақстандық компания Қытайда «Қазақстанда жасалған» көрмесінде өз өнімдерін ұсынды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісі өңірлік кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.
Көрме ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне ұйымдастырылды. Өнімін солтүстікқазақстандық компаниялар да таныстырады. Өз тауарларын өңірге белгілі «Сүт өнімдері» ЖШС және облыстағы омарташылардың бірі ЖК Пелепушко ұсынды.
Таяуда өткен кәсіпкерлер форумында СҚО әкімі Ерік Сұлтанов Қытай СҚО омарташыларынан бал сатып алуға мүдделі екенін атап өткен болатын. «Таяуда жылына қуаты 300 мың тонна май өңдейтін зауыт ашылды. Барлық өнім бірден Қытайға экспортқа шығарылады. Инвесторлар біздің өнімді Қытайға экспорттауға байланысты ауқымды агроөнеркәсіптік парк салуды жоспарлауда. Олар ет, сүт өнімдерін, қайта өңделген астық пен бал өнімдерін экспорттау бойынша екі министрліктің уағдаластықтарын күтуде», - деді өңір басшысы.
Еріс Сұлтанов компания бал өңдейтін зауыт салуға ниетті екенін айтты.
Әзірге өңірде шамамен 100 тонна экологиялық таза және сапалы өнім шығарады. СҚО кәсіпкерлер палатасында көрмеде СҚО кәсіпорындарының бірінің ірі инвестициялық жобасын таныстыру күтілуде. Бұл СҚО тауар өндірушілері қатысқан Қытайда өтіп жатқан екінші көрме.