Қытайда кемелер соғылып, оннан астам адам жоғалып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік жағалауында екі кеме соғылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.
Судағы апат салдарынан оннан астам адам табылмай жатыр. Оқиға 7 қаңтарға қараған түнде болған. Жоғалғандардың нақты саны әлі анықталған жоқ. Апаттың себеп-салдары зерттеліп жатыр.