Қытайда кен өндіру және металлургия саласында 1,8 млн жұмысшы қысқартылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда кен өндіру және металлургия саласында 1,8 млн жұмысшы қысқартылады. Бұл туралы ҚХР Еңбек ресурстары және әлеуметтік қамтамасыз ету министрі Инь Вэйминь мәлім етті, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

Қытайда кен өндіру және металлургия саласында 1,8 млн жұмысшы қысқартылады

«Артық өндіру деңгейін қысқарту биылғы жылдың басты міндеті. Алайда біз экономиканың басқа салаларында жаңа жұмыс орындарын ашуға баса мән береміз», - деді министр.

«Алдын ала есеп бойынша көмір өндіру саласында 1,3 млн адам, ал болат қорыту саласында 500 мың адам қысқартылады. Жалпы алғанда 1,8 млн адам басқа орындарға жұмысқа орналастырылады», - деді Инь Вэйминь.

Министрдің айтуына қарағанда, үкімет жұмысшыларды басқа мамандықтарға даярлауға, жұмысқа орналастыруға, оларға өтемақы беруге қатысты бағдарлама әзірлеген. Осы шараларға 15 млрд доллар қарастырылған.