09:14, 27 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Қытайда кен орнындағы апатта 20-дан астам адам жер астында қалып қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Шандунь провинциясындағы кенорындардың бірінде апат болып, жер астында ондаған адам қалып қойды, деп жазады ВВС агенттігі.

Жер астындағы шахтада нақты қанша адам қалғаны әзірге белгісіз. Жұма күнгі ақпарат бойынша онда 29 адам болған. 1 кеншінің қаза тапқаны анықталды, қалғанын құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл Қытайда кенорындарындағы апаттардан 900 адам қаза тапты.