Қытайда киіз үй пішінінде концерт залы ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР Алтай аймағының Буыршын ауданында қазақ үй формасындағы ең үлкен концерт залы бой көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат altxw.com сайтына сілтеме жасап.
Қытайлық сайттың жазуынша, Шыңжаңдағы киіз үй түріндегі ең үлкен концерттік залдың құрылысы 13 маусым күні аяқталды. Бірегей нысан «Алтай марал патшасы» атындағы мәдениет саябағында ашылды.
Құрылыстың жалпы аумағы 800 шаршы метрден астам, онда 600 адам мәдени шараларды еркін отырып тамашалай алады. Бұл, еркеше мәдени нысанға бас сұққан туристердің қазақ мәдениетін танып-білуге деген қызығушылығы арта түсетіні сөзсіз.