Қытайда қираған қонақ үй астынан бес адам құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Хубэй провинциясында тау жыныстары көшкінінен қираған қонақ үй үйінділері арасынан бес адам құтқарылды, тағы тоғыз адам үйінді арасында жатыр, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Қытайда қираған қонақ үй астынан бес адам құтқарылды

Бұған дейін аталған оқиғадан жалпы саны 14 адамның қиранды астында қалғаны хабарланған еді. Олардың екеуі ғана құтқарылды. Осылайша, құтқарушылар тағы үш адамды құтқарды.

Оқиға орнында 130 адам, 19 машина және бес іздеуші ит жұмыс істеуде. Құлаған тау жыныстарының көлемі 3 мың текше метрді құраған. Ал қонақ үй ауданы 1,3 мың шаршы метрді алып жатыр, оның 1 мың шаршы метрі қирап қалды.

Оқиға жұма күні жергілікті уақытпен 19.30-да Сянфань округының Наньчжан уезінде болған. Көшкін ғимараттың артқы бөлігіне зақым келтірген.