Қытайда ҚКП Орталық әскери кеңесі төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды
БЕЙЖІҢ. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бейжіңде дүйсенбі күні жабылған Қытай Компартиясының кезекті пленумында ҚХР төрағасының орынбасары Си Цзиньпин ҚКП Орталық әскери кеңесі төрағасының жаңа орынбасары болып тағайындалды.
«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, Си Цзиньпинді осы жоғары лауазымға тағайындау шарасы дүйсенбі күні аяқталған ҚКП ОК 17-інші шақырылымының төрт күндік 5-інші пленумы барысында орын алды.