Қытайда көлік апатында зардап шеккен қазақстандықтар елге оралды - ҚР СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда көлік апатында зардап шеккен қазақстандықтар ауруханадан шығып, елге оралды. Бұл туралы өзінің Твиттердегі жеке парақшасында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Қытайда көлік апатында зардап шеккен қазақстандықтар елге оралды - ҚР СІМ

«Бүгінгі таңда ҚХР ШҰАӨ-дегі Жеменей қаласының маңында көлік апатында жапа шеккен барлық ҚР азаматтары ауруханадан шықты және Қазақстанға оралды», - деп жазады ол. Еске салайық, 13 наурызда Қытайда Қазақстан азаматтары мінген автобус апатқа ұшыраған болатын. Апат кезінде 2 қазақстандық көз жұмды, 19-ы жараланып, ауруханаға түсті.