Қытайда көмір шахтасында апат болып, алты адам жер астында қалды
ЦЗИНАНЬ. Синьхуа – ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні түнде Қытайдың шығысында Шандунь провинциясындағы көмір шахталарының бірінде топырақ опырыла құлап, алты адам үйінді астында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Апат сәрсенбі күн сағат 23:00 шамасында Цзинин қаласының аумағындағы Вэйшань уезінің шахтасында орын алған, деп мәлімдеді провинциялық комитеттен.
Ведомствоның деректеріне қарағанда, үйінділер астында қалып қойған шахтерлердің жағдайы әзірге нақтыланған жоқ.
Іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.