Қытайда көмір шахтасында болған апаттан 5 адам мерт болды

НҰР-СҰЛТАН. Синьхуа-ҚазАқпарат – Қытайда көмір шахтасында болған апаттан 5 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайда көмір шахтасында болған апаттан 5 адам мерт болды

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, сенбі күні кешке Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан Юньнань провинциясындағы көмір шахтасында болған апаттан 5 адам қаза тапқан.

Апат Лопин уезіндегі «Шугэньтянь» шахтасында 22 кенші жер астында болған кезде, жергілікті уақыт бойынша сағат 21:10-да болған.

Құтқарушылар үйінді астынан бес кеншінің денесін алып шықты, тағы 17 адам құтқарылды.

Қазір апаттың мән-жайы анықталуда.