Қытайда көмір шахтасындағы апаттан 11 кенші қаза тапты

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайлық Шэнси провинциясындағы шахтада апат салдарынан жер астында қамалып қалған кеншілерді құтқару операциясы нәтиже бермеді. Қазір 11 жұмыскердің қаза тапқаны анықталды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Қытайда көмір шахтасындағы апаттан 11 кенші қаза тапты

6 қаңтарда Шэньму уезіндегі көмір тау жыныстары опырылған кезде шахтада 49 кенші қалып қойған еді. Олардың 38-і бірнеше сағаттан кейін құтқарылды. Алайда 11 кенші табылмаған болатын. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың орын алу себептерін анықтау үстінде.