Қытайда көмір шахтасындағы апаттан 16 кенші ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 қазаннан 25-іне қараған түні Батыс Қытайда Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде Үрімші қаласының маңында орналасқан көмір шахтасы опырылған. Салдарынан ондаған кенші жер астында қалды, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.

Қытайда көмір шахтасындағы апаттан 16 кенші ажал құшты

Олардың 16-сы қаза болды, тағы 11-і жарақаттанды. Барлық зардап шегушілер ауруханаға жатқызылды. Төтенше жағдай себептерін полиция тергеуде.