Қытайда көмір шахтасындағы жарылыс салдарынан 11 кенші қаза тапты

АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Қытайдың Шаньси провинциясында көмір шахтасында газдың жарылуы салдарынан 11 кенші қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Қытайда көмір шахтасындағы жарылыс салдарынан 11 кенші қаза тапты

Жарылыс кезінде шахтада 16 кенші болған, екеуі құтқарылды, тағы үш кенші хабар-ошарсыз жоғалғандардың қатарында. Апат орнында 40-тан астам адам қатысқан құтқару жұмыстары жалғастырылуда.

Орын алған оқиға бойынша тергеу жүргізілуде, оның ықтимал себептері туралы хабар жоқ.