Қытайда концертте стадионның мінбері құлады
АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстік-шығысында орналасқан Чунцин қаласында стадионның құлауынан 70-тен астам жарақаттанды.
Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады.
Қытайдың Чжунго синьвэнь ақпараттық агенттігі хабарлағандай, оқыс оқиға жұмы күні болған танымал әнші Ван Фэйдің концертінде орын алған.
Ән айтып жатқан кезде көрермендер тұрған мінбердің бірінің темір тіреушісі шығып кетті.