Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытайда көпір опырылып құлады, жараланғандар бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың шығысында автомобиль көпірі тұтастай опырылып қирады. Үш адам ауыр жарақаттанды. Жұмысшылармен бірге үш трактор үйінді астында қалды.

Қытайда көпір опырылып құлады, жараланғандар бар

Келеңсіз оқиға бүгін таңертең Цзянси провинциясындағы Тайхэ уезінде орын алды. «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, жұмысшылар көпірді бұзып жатқан.