Қытайда коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина таңдалды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Қытай билігі коронавирусқа қарсы вакцинаны нарыққа шығару туралы ауызша рұқсатын берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытайда коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина таңдалды

Бұрын хабарланғандай, өткен сәрсенбі күні Қытайдағы жетеші фармацевтикалық топтардың бірі шығарған COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның тиімділігі 79,34 пайызды құраған. «Жаңа коронавирустық инфекциядан туындаған ауруға қарсы вакцинаның тиімділігі - 79,34 пайыз», - делінген компанияның мәлімдемесінде.

Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ҚХР Азық-түлік өнімдері және дәрі-дәрмектерді қадағалау мемлекеттік басқармасының техникалық стандарттарына сәйкес келеді.