Қытайда коронавирусқа қарсы вакцинаның 400 миллионнан астам дозасы енгізілді
Құзырлы ведомствоның мәліметінше, 2021 жылғы 17 мамырдағы жағдай бойынша 31 провинция (автономды аудандар, орталық бағыныстағы қалалар) және Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусында коронавирусқа қарсы вакциналардың 406 938 000 дозасы енгізілген.
Өткен тәулікте Қытайда Covid-19 жұқтырудың 22 жаңа расталған жағдайы тіркелді (оның ішінде 4 жағдай – жергілікті), өлім-жітім жоқ.
Қытайдың солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясында жергілікті коронавирус инфекциясының төрт жағдайы анықталды. Осыған байланысты Ляонин провинциясының Инкоу қалалық округінде жергілікті халықты жаппай тестілеу науқаны басталды.
Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, Қытайда вирустан пациенттердің 94,57%-ы емделіп шықты. 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап коронавирус жұқтырғандар саны 90 мыңнан асты. Өлім деңгейі 5,1%-ды құрайды (4636 адам коронавирустан қайтыс болды).
Руслан Сүлейменов