Қытайда коронавируспен күресем деп тойын кейінге қалдырған 50 жұп некесін қиды

СИАН. Синьхуа - ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясында эпидемиямен күресте көзге түскен 50 жұп некесін қиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайда коронавируспен күресем деп тойын кейінге қалдырған 50 жұп некесін қиды

Сиандағы Юннин қақпасының алдында ерекше той өтті. Бүгін некесін қидырған 50 ерлі-зайыпты - Шэньси провинциясының медициналық, үкіметтік, құқық қорғау және қауымдық құрылымдарында жұмыс істейді.

Олар коронавирус пандемиясына байланысты той салтанатын кейінге қалдыруға мәжбүр болған еді. Сөйтіп бар күш-жігерін індетпен күреске жұмсаған болатын.