Қытайда коронавирустың өршуіне байланысты карантин талаптары күшейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайда ковидтің өршуіне байланысты Ухань билігі қоғамдық көлікте жүрудің жаңа тәжірибесін енгізді.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, енді қоғамдық көлікке міну үшін жолаушылар ПТР тест нәтижесін ұсынуы керек. ПТР тест тек екі күнге жарамды. Қала тұрғындары бұл шараны қолдап отыр.

«Ухань 2020 жылдан кейін коронавируспен күресте көп тәжірибе жинады. Біз енгізген шаралар тиімді және сәтті. Биліктің жаңа саясаты бізге өзімізді қауіпсіз сезінуге мүмкіндік береді»,- дейді жергілікті тұрғындар.

Федералды биомедициналық агенттікте COVID-19 індетіне қарсы «конвасэл» вакцинасын клиникалық зерттеудің үшінші кезеңінің жоспары әзірленіп жатыр. Тіркеуден кейінгі сынақтар жаздың соңында басталады деп күтілуде.

Зерттеу барысында препараттың қауіпсіздігі, иммуногенділігі және профилактикалық тиімділігі бағаланады. Бақылау кем дегенде алты айға созылады.

Қазақстанда өткен тәулікте 12 науқас тіркелгенін хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар