Қытайда қорымдардың бiрiнен көне христиандардың сүйектерi табылды

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Қытайдың Луньмэн буддистiк ғибадатханалар кешенiнде VII-VIII ғасырларда жерленген бағзы заман христиандарының қабiрлерi табылды. Кейiн анықталғандай, олар Византия тумалары болып шықты. Ғалымдар византиялық христиандар қуғын-сүргiннен қашып келуi ықтимал деп отыр.

Қытайда қорымдардың бiрiнен көне христиандардың сүйектерi табылды

Луньмэн кешенi тау үңгiрлерiнiң iшiнде 493 жылы салына бастаған. Онда 43 буддистiк ғибадатхана бар. Храмдардың iшiнде сол кездерi кескiнделген 17 метрлiк мүсiндер бүгiнгi күнге дейiн сақталған. Тан династиясы дәуiрiнде (618-907) бұл жердi буддистермен қатар несторияндық христиандар да қолданған. Кейiн константинопольдiк патриарх Несторияның таратып жүрген iлiмi қудалауға ұшырап, олардың жақтаушыларына Византиядан қашуға тура келдi. Олардың сүйектерi тек Қытайда ғана емес, сонымен бiрге Араб халифатында, түркiлердiң жерiнде табылып жатады.