Қытайда көшкін пойыздың рельстен шығып кетуіне себеп болды

АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Қытайдың Хунань провинциясында көшкіннің салдарынан жүк пойызы рельстен шығып кетті.
None
None

Қаза тапқандар туралы хабарланған жоқ. Көшкіннің жүруі нөсер жаңбырдың салдарынан туындады.

Төтенше жағдай Чжаньцзян және Лоян қалалары арасында теміржол қозғалысының тоқтауына әкеп соқты.

Бұған дейін Қытайдың орталығында және оңтүстігінде бұршақ аралас дауыл кем дегенде 1000 үйдің опырылып құлауына себепші болған еді, бұған қоса 138 мың баспана қирады.

Билік өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, табиғаттың «тосын мінезінен» зардап шеккендердің саны 2 млн. адамнан асып жығылады.

Соңғы жаңалықтар