Қытайда көшкіннің орын алуына қатысы болуы мүмкін деген 12 адам тұтқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шэньчжэнь қаласының (Оңтүстік Қытай, Гуандун провинциясы) полициясы осы қаладағы көшкіннің орын алуына қатысы болуы мүмкін деген 12 адамды тұтқындады.
None
None

Бұл туралы қалалық полиция басқармасының Weibo (Twitter-ге ұқсас) әлеуметтік желісіндегі парақшасында дүйсенбі күні жария етілген хабарламада жазылды.

Әзірге тұтқындалғандардың жеке мәліметтері таратылған жоқ. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, тұтқындалғандардың Shenzhen Yixianglong және басқа да компанияларға қатысы бар көрінеді. Бір нұсқа бойынша, аталған компанияның заңсыз қоқыс алаңына жиналған қалдықтар қатты көшкіннің орын алуына себеп болған болуы мүмкін.

Бұдан бұрын Shenzhen Yixianglong компаниясы басшысының орынбасары Юй Шэнлидің тұтқындалғаны туралы хабарланған еді. Топырақ көшкіні 20 желтоқсанда Liuxi өнеркәсіп паркінде болды. Шэньчжэнь қаласының вице-мэрі Лю Циншэннің айтуынша, көшкен топырақ 380 мың шаршы метр аумақты алған, лай батпақтың қалыңдығы кейбір жерлерде 10 метрге дейін жетіпті. Көшкіннің салдарынан 33 ғимарат қираған немесе зардап шеккен. Бүгінгі күні апат аймағында із-түссіз кеткен 70 адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Соңғы жаңалықтар