Қытайда ҚР-дың ШЫҰ-ға төрағалығына танымал «Вэйбо» әлеуметтік желісі ақпараттық қолдау көрсетеді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 30 маусымында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Хатшылығында ШЫҰ мен Қытайдағы ең танымал интернет-ресурстардың бірі «Weibo.com-ның» иегері «Вэйбо» компаниясының арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Келісім Қазақстанның 2016-2017 жылдары ШЫҰ-ға төрағалығын таныстыруға арналған дөңгелек үстел үстінде жасалды.

Қытайда ҚР-дың ШЫҰ-ға төрағалығына танымал «Вэйбо» әлеуметтік желісі ақпараттық қолдау көрсетеді

Құжатқа Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Хатшылығы тарапынан ұйымның Бас хатшысы Рашид Алимов, ал «Вэйбо» компаниясы тарапынан бас директор Ван Гаофэй қол қойды. Осы сәт аталған әлеуметтік желіде онлайн режимде трансляцияланды.

«Вэйбо» компаниясының бас директоры Ван Гаофэй аталған әлеуметтік желіде ШЫҰ ресми парақшасының, сондай-ақ ҚХР-дағы Қазақстан мен Ресейдің дипломатиялық өкілдігінің танымал екендігін атап өтті.

Дөңгелек үстелге Қазақстан мен Қытайдың министрліктері мен ведомстволарының жоғарғы өкілдері, Бейжіңде аккредиттелген ШЫҰ-ға мүше елдер елшілігінің Елшілері мен дипломаттары, ҚХР ғылыми-зерттеу орталықтарының басшылары және басқа да Қытайдың сарапшылық қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы - Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының негізін қалаушы мемлекет. Бұған дейін біздің еліміз екі рет аталған ұйымға төрағалық еткен (2005 жылы және 2011 жылы). 

2 3 4 5