Қытайда құмар ойындардың ірі онлайн желісі әшкереленді

Жүргізілген арнайы шара нәтижесінде полиция 1071 адамды ұстап, жалпы сомасы 330 млн. юаньды (52,8 млн. доллар) құрайтын банк шоттарына тыйым салды. Ұсталғандардың 15-і - онлайн құмар ойындарының бағдарламаларын ұйымдастырғандар. Бір мыңнан астам тұлға ойындарды жалға алып, ғаламторда өз ойын алаңын құрғандар. Қазіргі уақытта 570 адам қамауда отыр. Ұймдасқан қылмыстық топ шамамен 200 құмар ойындар сайтын құрған. Көпшілігі Таиланд серверлерінде орналастырылды. Әр сайт ай сайын шамамен 70-100 мың юань табыс әкелген. 2014 жылдың желтоқсан айында ғана құмар ойындардың онлайн желісіне кіргендер 9 млрд. юаньға жуық ақшасынан ұтылған. Полицейлердің айтуынша, аталған қаражаттың көп бөлігіне тоқтау салынбады. Өйткені транзакция қолма-қол ақшамен және заңсыз жеке банктер арқылы жүргізілген.