Қытайда құпия мәліметті таратты деген айыппен 70 жастағы журналист сотқа тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда белгілі журналист және құқық қорғаушы Гао Юйға қатысты сот процесі басталды. Оған мемлекеттік құпияны жария етіп, маңызды құпия құжатты шетелдік БАҚ-қа берді, деген айып тағылған. Бұл туралы ВВС агенттігі хабарлады.
None
None

Дау Қытай Коммунистік партиясының насихат бөлімінің идеологиялық директиваларына қатысты болып отыр, онда партия мүшелерін Батыстың құндылықтары мен еркіндігіне еліктеуден сақтандырған. Гао Юйдың қорғаушылары Батыс БАҚ-тарында осыған қатысты мәліметтер жарияланған мезгілде ондай материалдарға қол жеткізу еркін болғанын алға тартты. Алайда, Бейжіңдегі ВВС тілшісі хабарлағандай, мұндай жағдайда айыпталушыны ақтап алатын шешім сирек шығарылады. Болжам бойынша, Гао Юй өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары 70 жастағы журналисті соттау - сөз бостандығын шектеу деп, оны босатуды талап етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар