Қытайда құрғақшылық салдарынан ауызсу жетіспеушілігінен 8 миллионнан астам адам зардап шегуде
АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Қытайда күшті құрғақшылық салдарынан ауызсу жетіспеушілігіне байланысты 8 миллионнан астам адам зардап шегуде, деп хабарлады ИТАР-ТАСС қытайлық БАҚ-қа сілтеме жасап.
Газеттердің жазуынша, құрғақшылық Юньнань, Шаньси, Хубэй, Сычуань және Ганьсу провинцияларын қамтыған. Су тасқынымен және құрғақшылықпен күрес жөніндегі штаб-пәтердің мәліметтеріне қарағанда, 3,64 миллион гектар алқаптың егістігі күйіп кеткен.
Зардап шеккен аудандарға келтірілген шығынды есептеу және халыққа көмек беру үшін жедел топтар аттандырылған. Атап айтқанда, ҚХР қаржы министрлігі зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін 500 млн юань (80 млн доллар) қаржы бөлді.