Қытайда құрылыс краны құлап, 7 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гуанчжоуда мұнара краны құлап, 7 адам қаза тапты, 2 адам зардап шекті, деп хабарлады Синьхуа .
Гуанчжоу (Гуандун провинциясы, Оңтүстік Қытай) Хайчжу ауданы әкімшілігінің ресми парақшасының келтеблогында жарияланған хабарламаға сәйкес құрылыс алаңдарының бірінде мұнаралы кран құлаған. Бастапқы мәлімет бойынша, 7 адам көз жұмған, 2 адам зардап шеккен.
Қазіргі уақытта зардап шеккендердің жағдайы тұрақты. Олардың өміріне еш қауіп жоқ. Оқиғаға қатысты тұлғалар ұсталды, апат себептері тексерілуде.