Қытайда «құс тұмауымен» ауырған тағы бір адам анықталды

БЕЙЖІҢ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат - Қытайда «құс тұмауын» жұқтырудың тағы бір оқиғасы анықталды. H5N1 вирусы елдің орталық провинцияларының бірі Хунаньда тұратын 21 жастағы бойжеткеннен табылып отыр.
None
None
Дәрігерлердің айтуынша, Шу есімді ол бойжеткеннің халі біртіндеп жақсарып келеді, оның өміріне еш қауіп жоқ. Естеріңізге сала кетейік, бұл Қытайда 2009 жылдың басынан бері анықталған «құс тұмауын» жұқтырудың сегізінші оқиғасы. Бес оқиға адам өлімімен аяқталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.
Соңғы жаңалықтар