09:53, 27 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қытайда құс тұмауынан бесінші адам қайтыс болды
БЕЙЖІҢ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Дүйсенбі күні Қытай Халық Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі құс тұмауының салдарынан осымен бесінші адамның қайтыс болғанын мәлімдеді.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, H5N1 вирусынан Қытайдың оңтүстігіндегі Гуаньси-Чжуан автономиялық ауданының 18 жасар тұрғыны көз жұмған. Құс тұмауын қаңтардың 19-ында жұқтырып алған бозбала, ауруханаға тек бес күннен кейін ғана түскен. Ал Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясындағы Гуйян қаласынан ағымдағы жылы құс тұмауын жұқтырудың алтыншы оқиғасы тіркелгендігі туралы хабар түсіп отыр. Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Қытай аумағында індеттің таралуына байланысты, «Роспотребнадзор» органы Ресейге келіп жатқан, бірінші кезекте авиакөлікпен келіп жатқан Қытай азаматтарын тексеруді күшейту туралы нұсқау беріп отыр.