10:30, 14 Ақпан 2013 | GMT +5
Қытайда «құс тұмауынан» бойжеткен көз жұмды
БЕЙЖІҢ. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан Гуйчжоу провинциясында 21 жастағы қыз «құс тұмауынан» көз жұмды.

Бұл ағымдағы жылы ҚХР-да адам өліміне әкеп соққан бірінші жағдай.
Гуйчжоу провинциясы денсаулық сақтау басқармасының мәліметтеріне қарағанда, бойжеткен ақпан айының басында қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Бойжеткеннен H5N1 вирусына алынған сынамалар оның науқасқа шалдыққанын растады. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, ол ауыр халде болған, көрсетілген жедел көмекке қарамастан емделуші кеше таңертең жантәсілім еткен.
ҚазАқпарат бұған дейін хабарланғандай, Гуйчжоу провинциясында H5N1 тұмауына шалдығудың тағы бір оқиғасы тіркелді. Емделушінің қазіргі жағдайы ауыр.
«Екі оқиғаның арасында эпидемиологиялық байланыс жоқ», - деді Қытайдың денсаулық сақтау министрі.