Қытайда күшті су тасқынының салдарынан 25 адам мерт болды, 14-і хабар-ошарсыз кетті

ИТАР-ТАСС-тың жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, Цюйцзян өзеніндегі судың деңгейі рекордтық межеге - 27,8 метрге дейін көтерілді. Тасқын салдарынан 83 мың үй қирады немесе бүлінді. Жалпы келген зиян 13,3 млрд.юань (2,1 млрд. доллар) көлемінде деп бағаланып отыр.
Росбалттың атап өткеніндей, қыркүйектің басынан бері Қытайда су апатының нәтижесінде 101 адам қазаға ұшырады. Бұл туралы Қытайдың су тасқынымен және құрғақшылықпен күрес жөніндегі мемлекеттік штабынан белгілі болды. Аталған мемлекеттік штабтың кеңсе бастығының орынбасары Шу Цинпэньнің айтуынша, жыл басынан бері Цзялинцзян және Хуанхэ өзендерінің алабында күшті нөсер жаңбыр тіркелген. Олардан Сычуань, Шэньси, Хэнань, Хубэй, Юньнань, Шаньдун, Гуйчжоу, Ганьсу провинцияларының және Чунцинге бағынатын қалалардың 6,18 млн тұрғыны зардап шеккен.