Қытайда күшті жер сілкінісі болды

АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-батысында күші Рихтер бағамы бойынша 5,3 балдық жер сілкінісі болды. Оның кіндігі Цинхай провинциясындағы Юйшу уезінен 60 шақырым жерде орналасса, ошағы 7 шақырым тереңдікте тіркелген. Қираулар мен құрбан болғандар туралы деректер түскен жоқ, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің 14-інде осы Цинхай провинциясында қуатты зілзала болып, оның салдарынан 2 мыңнан астам адам құрбан болған, 12 мыңнан астамы жараланған еді. Ол жолы жерасты дүмпулерінің күші Рихтер бағамы бойынша 7,1 балға жеткен еді.

Соңғы жаңалықтар