Қытайда лаңкесшілерді тұтқындау кезінде 20-дан астам адам мерт болды

БЕЙЖІҢ. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік батысындағы лаңкестік топты құрықтау барысында 21 адам қаза тапқан, оның ішінде тәртіп сақшылары да бар,

Қытайда лаңкесшілерді тұтқындау кезінде 20-дан астам адам мерт болды

деп хабарлайды Росбалт. ру.

"Чжунго синьвэнь" агенттігінің мәліметіне қарағанда, тұтқындау операциясы ШҰАР-дың батысындағы Бачу уезінде өтті.

Жергілікті әлеуметтік қызметкерлер тәртіп сақшыларына қоңырау шалып, оларға қарасты ведомстволық үйдің аумағында тұратын адамдар күдік туғызғанын айтқан. Қылмыскерлердің қаруланғаны да жоққа шығарылмады.

Ұстау әрекеті барысында 21 адам ажал құшты. Олардың жартысынан астамы - полиция қызметкерлері және бейбіт тұрғындар.