Қытайда лаңкестер 27 адамды өлтіріп, 109 адамды пышақтап кетті

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бір топ қарулы адамдар Қытайдың оңтүстік-батысындағы Куньмин қаласының теміржол вокзалына шабуыл жасап, 27 адамды өлтіріп, 109 адамды пышақтап кетті, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Қытайда лаңкестер 27 адамды өлтіріп, 109 адамды пышақтап кетті

Оқиға сенбі күні жергілікті уақыт бойынша 21:00-де орын алған.

Жараланғандар ауруханаға жеткізілуде. БАҚ мәліметтерінше, бірнеше қылмыскерлер оқиға орнында жойылды. Қылмыскерлердің бұл әрекетіне не себеп болғаны әзірге белгісіз.