Қытайда лаңкестік топ әшкереленді
АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат - Қытайдың үкіметі Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде ірі лаңкестік топты әшкереледі,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің хабарламасында лаңкестікке даярланып жатқан алты адам тұтқындалғаны хабарланған. Олардан үлкен көлемде жарылғыш заттар алынған.