Қытайда лай көшкіні құрбандарының саны 1 мыңға жетті
АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-батысында нөсер жаңбырдың салдарынан болған лай көшкінінің құрбандарының саны күн сайын көбейіп келеді.
«Россия 24» телеарнасының ақпараты бойынша, қазірдің өзінде апат салдарынан 1 мыңдай адам қаза тапқан, тағы 600 адам із-түзсіз жоғалған.
Құтқару операциялары жалғасуда. Апат ауданынан 45 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді - бұл жергілікті халықтың үштен бірі.
Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыс күндері Ганьсу провинциясында бірнеше лай көшкіні болып, су мен лай және тас аралас сел тасқыны 6300-дей үйді шайып кеткен болатын, тағы 700 үй қатты зақымданған.
Провинцияда көлік және теміржол қатынасы үзілген, жарық жоқ.