Қытайда Лондон ойындарына іріктеу өтіп жатыр, қазақстандық боксшы қыздар жарысты сәтсіз бастады

АЛМАТЫ. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше Қытайдың Циньхуандао қаласында әйелдер арасындағы бокстан Әлем чемпионаты басталды.
None
None

Чемпионат 76 күннен кейін Лондонда жалауы көтерілетін ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарына іріктеу болып табылады. Әйелдер боксы Олимпиада ойындарының бағдарламасына тұңғыш енгізіліп отыр. Әлем чемпионатында 51, 60 және 75 келі салмақ дәрежелері бойынша 12 жолдама сарапқа салынады. Екі жылда бір өткізілетін биылғы Әлем чемпионатына 77 елден барлығы 343 боксшы қатысуда. Онда қазақстандықтардан жарыстың алғашқы күні Сания Сұлтанқызы (57 келі) тунистік Хлими Хоглоудқа (Hlimi Khouloud) 20:10 (5:1, 3:3, 7:2, 5:4), ал  Мөлдір Базарбаева (69 келі) румыниялық Флорина Маринелла Радуға 20:12 (6:3, 3;4, 5:3, 6:2) есебімен есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар