Қытайда Мао Цзэдунның тұтастай алтынмен апталған 37 метрлік мүсінін бұзып тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы Хэнань провинциясында 5 қаңтарда бой көтерген Мао Цзэдунның мүсінін тұрғызылғанына үш күн өткеннен соң бұзып тастады.
Нұсқалардың бірі бойынша, құрылыс жобасы билікпен келісілмеген.
Биіктігі 37 метрге жететін мүсін түгел алтынмен апталған, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап.
Жергілікті биліктің күшімен тұрғындардан және кәсіпкерлерден жиналған қаржыға тұрғызылған оның құны 3 млн юаньға бағалануда.