Қытайда мейрамхана иелері клиенттерін таза ауа үшін ақша төлеуге міндеттеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Цзянсу провинциясы Чжанцзяган қаласында мейрамхана клиенттерін ғимараттағы таза ауа жұтқандары үшін ақша төлеуге міндеттеді, деп хабарлады BBC News.
Мейрамхана иелері фильтрациялау жүйесін орнатып, шығынды өтеу мақсатымен клиентті ескертпей шотқа бір юань (15-16 АҚШ центі) қосып отырған.
Келушілердің бір бөлігі жаңадан қосылған бөліммен келіспей, наразы болды. Кейін аймақ билігі бұл тәжірибені доғаруды талап етті. Билік бұл қызмет тауар ретінде сатылмауы тиіс екенін айтты.
Айта кетейік, соңғы бірнеше аптада Қытай қалаларында ауа ластануының рекордтық көрсеткіші тіркелді. Кей көшелерде 100 метр қашықтықтағы жерді ғана көру мүмкін болды.