Қытайда мұнай құбыры жарылысы салдарынан опат болғандардың саны 35 адамға жетті

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясындағы мұнай құбыры жарылысы салдарынан опат болғандардың саны 35-ке, ал жарақат алғандар 166 адамға жетті.

Қытайда мұнай құбыры жарылысы салдарынан опат болғандардың саны 35 адамға жетті
Жарылыс бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00 кезінде қытайлық Sinopec ірі мұнай химия корпорациясына тиесілі мұнай құбыры тармағында жөндеу жұмыстары кезінде орын алды. Алдын ала бағалау бойынша, апатқа құбырдан түнде мұнай ағуы себеп болған. Белгілі болғандай, мұнайдың бір бөлігі кәріз жүйесі арқылы Циндао портының ішкі бассейніне түскен. Ластану орны арнайы қоршаумен жасақталды.