Қытайда мұздақ жауынының салдарынан 100 көлік соқтығысты

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қытайдың шығысында кем дегенде 100 көлік автомагистральда соқтығысты.

Қытайда мұздақ жауынының салдарынан 100 көлік соқтығысты

Апаттың салдарынан 1 адам көз жұмды, бірнешеуі жарақаттанған. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлайды. Журналистердің мәліметінше, апат мұздақ жауынның салдарынан болған көрінеді. Тайғақ жолда көліктер тоқтап үлгере алмаған. Тіпті мұз қатпарын көтере алмаған ағаштар жолға құлап жатыр.