Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытайда мыңдаған роботтар биледі (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы Шаньдун провинциясында 1007 синхронды билеген роботтар әлем рекордын орнатты. Бұл ерекше оқиғаның видеожазбасы Guinness World Records YouTube-арнасында жарияланды.

Қытайда мыңдаған  роботтар биледі (ВИДЕО)

Биіктігі 43,8 сантиметрлік машиналар бір ұялы телефонға орнатылған бағдарлама арқылы басқарылды. Би бір минутқа созылды.

Бұдан бұрынғы бір уақытта билеген роботтар саны бойынша рекорд та Қытайда тіркелген болатын. Оны UBTECH Robotics корпорациясының 540 роботы орнатқан еді.