Қытайда неміс студенті өлім жазасына кесілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстік шығысындағы Сямынь қаласының халық соты Германия азаматына ең ауыр жаза қолданды, деп хабарлады dpa агенттігіне сілтеме жасаған DW.
Мюнхеннің бұрынғы студенті өзінің бұрынғы құрбысын, сонымен бірге Германия азаматы болып табылатын оның жас жігітін өлтіргені үшін айыпталды. Неміс студенті отандастарын 2010 жылғы маусымда балғамен ұрып және пышақ салып өлтірген. Сот үш жыл бұрын болған еді. Осы күнге дейін сотталушы үкімді күткен.
Amnesty International-дың 2013 жылғы деректері бойынша, Қытай өлім жазасы үкімін шығаруда әлемде бірінші орында.