Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытайда Нида дауылына байланысты сақтық шаралары күшейтілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР билігі Нида дауылына байланысты кей провинцияларда сақтық шараларын күшейтті, деп хабарлады ВВС агенттігі Қытайдың азаматтық әкімшілік министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Қытайда Нида дауылына байланысты сақтық шаралары күшейтілді

Атап айтқанда, Хунань, Гуандун, Гуйчжоу, Юньнань провинцияларының аумағында, сонымен қатар Гуанси-Чжуан автономды ауданында сақтық шаралары енгізілді. Ескерту шарты - Билік тайфунның қозғалуын мұқият бақылауы тиіс және тиісті ақпаратты уақытында жариялау. 

Аталған провинциялар мен аудандардың тұрғындарына 1-3 күнге жететін азық-түлік сатып алуға кеңес берілді, деп хабарлады «РИА Новости».
Жексенбі күні Қытайдың мемлекеттік метеорологиялық орталығы Нида (Nida) тайфунына байланысты ескерту жариялады. Тайфун сейсенбі күні Гуандун провинциясына жетеді деп күтілуде.
Қытайлық метеорологтардың болжауынша, дауыл Гуандун провинциясына таяғанда жел жылдамдығы секундына 38-45 метрге жетуі ықтимал.