Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытайда «Нида» тайфунынан 450 мың адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елдің оңтүстік аудандары аумағын басып өткен алапат «Нида» тайфунынан шамамен 450 мыңдай адам зардап шекті, деп хабарлады РИА Новости Қытай азаматтық әкімшілігі министрлігіне сілтеме жасап.

Қытайда «Нида» тайфунынан 450 мың адам зардап шекті

«Нида» тайфуны Гуандун провинциясындағы Шэньчжэня жағалауына  жетті. Циклон өзімен бірге нөсер жаңбыр мен ұйтқыған жел әкелді.

Билік орындарының деректеріне сәйкес, Гуандун, Гуанси, Хунань, Гуйчжоу және Юньнань провинцияларында тұратын 495 мың адам апат аумағында қалды.Сондай-ақ 37 мың жергілікті тұрғын амалсыз көшуге мәжбүр болды және 2,1 мыңы шұғыл көмекке зәру.

Тайфун 300 тұрғын үйді қиратты, 2,4 мың ғимарат бүлінді.