Қытайда норовирус індетінен 400-ден астам мектеп оқушысы зардап шекті

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Шығыс Қытайда норовирус індетіне 400-ден мектеп оқушысы ұшырады.

Қытайда норовирус індетінен 400-ден астам мектеп оқушысы зардап шекті

Ауру ошағы - Чжецзян провинциясының (Шығыс Қытай) Хайнин қаласы және Хайянь уезі. Мектеп оқушылары құсып, асқазан бұзылуы орын алған. Оқу орындарында сабақтар тоқтатылды.

Індет 11 және 13 ақпан күндері басталған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, аурудың таралуына судың ластануы себеп болған.

Қазіргі кезде инфекция себептері анықталуда.